«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»КММ Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай адамзаттың назарын аудартуға арналған халықаралық мерекеге байланысты экосағат өтті.
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»КММ
Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай адамзаттың назарын аудартуға арналған халықаралық мерекеге байланысты өткізілген экосағаттың өтілуі туралы мәлімет.
Іс-шараның мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту.
3 қазан күні сағат 3.00-де бірмезгілде 1-11 сыныптарда экосағаттар өтілді. 1-4 сыныптарда «Егер жер алма болса», 5-9 сыныптарда «Жердің темперетурасы бар», 10-11 сыныптарда «Мұхиттар қауіпті жағдайда» тақырыптары бойынша өтілді. Оқушыларға видиороликтер көрсетілді. Экосабақтарға ата-аналар, ауыл әкімі Саржанов Ырысбек Какенұлы және «Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері – Толыбаев Қуаныш Маратұлы, Абимоллаев Ардақ Мақсұтұлы, Қыдырбеков Нұржан Ғалымжанұлы қатысты. Ауылымыздың жастар саябағына ағаштар отырғызылды.
Экосағаттан кейін оқушылар сынып жетекшілерімен, ата- аналарымен және келген қонақтармен бірге жастар саябағына тал көшеттерін отырғызды. Ауыл ақсақалы Жумадилов Ниязхан ата және ауыл әкімі Саржанов Ырысбек Какенұлы оқушыларға табиғатты қорғау оны көркейту үшін осындай шаралардың маңызы туралы өсиет сөздерін айтты.