25 қазан күні «Отбасы тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында мектебіміздің сынып сағаттары өткізілді.
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп- балабақша» КММ-де
2019-2020 оқу жылының 25 қазан күні «Отбасы тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында өткізілген сынып сағаттары туралы хабарлама
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында өтілетін іс-шара кластарға бөлініп берілді. Тәрбиелік іс-шаралар туралы мектепішілік жоспар құрылып, бастауыш сыныптарда ата-аналарының қатысуымен тәрбие сағаттары өтілді. Атап айтқанда 1-4 сыныптарда «Менің қымбатты және сүйіктілерім», «Бақытты адам өз үйінде бақытты» т.б тақырыптарда тәрбие сағаттары өтілді. 4 сыныпта «Отбасы – барлығының басы» тақырыбында ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Отбасылық құндылықтар, салт-дәстүрлер туралы бейнематериалдар көрсетілді. 5 сыныптың оқушылары «Менің отбасымның тарихы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды. Әрбір оқушы өздерінің отбасын мақтанышпен баяндап берді. 7 сыныпта «Отбасы-кішентай ел» тақырыбында диспут ұйымдастырылды. «Менің сүйікті туыстарым» атты фотокөрме ұйымдасырды. 9-11 сыныптарда «Менің отбасымның естелік күндері» атты презентацияларды оқушылар өздері дайындап тәрбие сағаттарында көрсетті. Көптеген оқушылар өздерінің отбасы туралы видиороликтер дайындап, мақтанышпен баяндап берді. Өткізілген іс-шара мектеп сайтын орналастырылды.