Мектебімізде «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатын таныстыру жұмыстары
1 сәуір күні мектебіміздің 4-5 сынып оқушыларына «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ -не 2024-2025 оқу жылына оқушылар шақыру мақсатында, сауалнама өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернаты курсанты Ақылбек Әкежан Амангелдіұлы өзі оқып жатқан оқу мектемесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Іс-шара ұйымдастырушы: кәсіптік бағдар бойынша педагог Токпанов Ш.К.