Мектебімізде «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты апталық өтті. » КоммунальноеГосударственное учреждение "Средняя школа-сад им.Турагула Коныра "
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2024

Мектебімізде «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты апталық өтті.


«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп - бақшасы» КММ -де 22 - 26 қаңтар аралығында «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты математика, информатика және физика пәндерінің апталығы өтті. 
Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Жоспар бойынша 22 - қаңтар күні «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты математика, информатика және физика пәндерінің апталығының салтанатты түрде ашылуы болды.
Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Пән бірлестігінің әр мүшесі осы талаптан шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. 
23 - қаңтар күні МИФ апталығының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Әр пән мұғалімі бір-бір ойын түрін өткізді мысалы, Кенженов Дидар Серикбекович «Дойбы құпиясы» ойынын, Тезекова Гульнур Саулехановна «Түрлі-түсті кілемдер» ойынын, Ахметбекова Акбота Айткалиевна «Түймедақ ойыны», Оразбекова Зауре Бактыбековна «Кері байланысты» жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында әр бала берілген логикалық есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды.  Жәрмеңкеде түрлі ойындардан бөлек «Бағыңды сынап тегін ал» атты тағам сататын шағын дүкен ойластырған, дүкенннің ерекшелігі тағамды сатып алу үшін логикалық есеп немесе сұраққа жауап беру арқылы тәтті тағамға қол жеткізесіз. Жәрмеңке барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күй және түрлі сыйлықтар алды.
24 - қаңтар күні 11 - сынып оқушылардың қатысуымен «МИФ әлемінде» квест интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Квест интеллектуалды ойынының мақсаты:  оқушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Квест интеллектуалды ойынының маңызды бір жетістігі ретінде – сабақты осы мектептің директоры Кабдолдина Гульсим Дарубаевнаның, мектептің ардагер ұстаздары жоғары бағасын беруі болды. 
Барлық іс-шараларды жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын  арттыруға мақсатында 25 - қаңтар күні МИФ апталығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде математика, информатика, физика пәндері бойынша оқушылардың өз қолдарымен жасаған заттары қойылда.
Апталықты қортындылау.26 - қаңтар күні 7-11 сыныптар аралығында «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты МИФ апталығының қорытынды кеші өтті. Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту,  белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бұл күні қорытынды кеш барысында «Болашақ жас ғалымдар» анықталып, апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды. «Болашақ жас ғалымдарға» МИФ апталығының жеңімпаз кубогі сыйға тартылды. Жүлделі І және ІІ орын иеленген топтарға да медаль оған қоса мақтау қағаздары табыс етілді.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.