"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін - өзітану пәнінің онкүндігі » КоммунальноеГосударственное учреждение "Средняя школа-сад им.Турагула Коныра "
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін - өзітану пәнінің онкүндігі
18
февраль
2021

"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін - өзітану пәнінің онкүндігі

ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің 
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ 
Өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткен онкүндік жұмысы туралы
мәлімет. 
2020-2021 оқу жылы.
        ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ–де 2-12 ақпан аралығында  «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пән онкүндігі өтті. Онкүндік жұмысы «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері Кабдолдина Гулсим Дарубаевна, Майгаранова Шолпан Кинаятовна, Абраева Ақбота Рауанқызының   мерекелік құттықтау сөзімен басталып, оқушылардың әдеби монтажына ұласты. Сара Алпысқызына, «Өзін-өзі тану» пәніне, аналарға, жанұяға арналған өлеңдер оқылды.  Онкүндік  кезінде оқушылармен Сара Алпысқызына арналған оқырмандар байқауы. Шығармашылық сайыс. (1-11 сыныптар арасында өлең жолдары, эссе).  Апталық аясында мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды. Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі туралы тақырыптық көрмемен  1-4 сынып оқушылары танысты. 
Ашық сабақтар шеруі кезінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кабдолдина Гулсим Дарубаевна 9-10-сыныптарда   «Сүйіспеншілік жолындағы өмір», 3-сыныпта «Ақыл – жастан, асыл – тастан», 2-сынып мұғалімі Майгаранова Шолпан Кинаятовна «Дос болуды үйренеміз», 1-сынып мұғалімі Абраева Акбота Рауанқызы «Еңбек -  бәрін жеңбек» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. Ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұны бойынша өтті, оқушылар топпен, жұппен жұмыстар жасап, постерлер қорғап, әр-түрлі ойын түрлерін көрсетті.
Онкүндік барысында технология пінінің мұғалімі Жирентаева Г.С ұйымдастыруымен «Руханилықтың мөлдір бұлағы» шығармашылық жұмыстар фестивалі өтті.
Онкүндік аясында 1-11 сыныптар арасында «Жылы лебіздер», «Құрметті ұстазыма СМС», «Достығымыз жарасқан» акциялары  ұйымдастырылды және қайырымдылық акциясы өткізілді.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері: Кабдолдина Г.Д, Майгаранова Ш.К, Абраева А.Р