14
март
2025
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ 14 наурыз – Көрісу күні.
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
14 наурыз – Көрісу күні. Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн.
Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
Бұл күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының наурыз «Тәуелсіздік және отаншылдық айы» аясында 2 - сыныпта тәрбие сағаты өтті.