21
февраль
2025
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-де осы мектепте 1961-1963 жылдары мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған лингвист, профессор Тұрағұл Қоңыр ағаның 90 жылдығы өтті
21 ақпан күні Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-де осы мектепте 1961-1963 жылдары мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған лингвист, профессор Тұрағұл Қоңыр ағаның 90 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Мақаншы ауданының құрметті азаматы, дербес зейнеткер, Тұрағұл Қоңыр ағаның сыныптасы, досы Жирентаев Төлеген Бәкейұлы, аудандық «Мақаншы айнасы» газетінің редакторы, Әсеттанушы, зерттеуші Разуев Әбен Тұйғынұлы, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ногаева Гульзипа Макашевна, ардагер зейнеткер ұстаз Ахметбеков Мырзағазы Абылғазыұлы және ауыл әкімі Саржанов Ырысбек Кәкенұлы қатысты. Келген қонақтар Тұрағұл аға туралы естеліктермен бөлісіп, ол кісінің өмір дерегі туралы бейнекөрсетілім тамашалады, арнайы жасалған көрмемен танысты. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.