18
март
2021
«El Umiti» бастамасын іске асыру аясында
«Елбасы Медалі» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаевтың «El Umiti» бастамасын іске асыру аясында 2020 жылдың маусым айында басталды. «Елбасы Медалі» бұл жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарламаның символы жетістіктің 7 жебесі- жастардың қабілеттері дамытуға, жас қазақстандықтардың рухы мен денесін шыңдауға, жаңа ұрпақты бәсекеге қабілетті етуге көмектесетін қызметінің 7 бағыты болып табылады. Бұл спорт, таланттар мен дағдыларды дамыту, кітап оқу, волонтер ісі, ұлттыық мұра, туристік сапарлар және еңбек практикасы. Бағдарламада барлығы 3 деңгей бар: қола, күміс және алтын. Бағдарламаға мектебімізден Рахатова Аяжан Ермекқызы /биыл М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің шет тілі факультетінің 1 курс студенті/ және Марат Дина Асылбекқызы / биыл 10 класта оқып жатыр/ қатысты.Бағдарламаға қатыса отырып, балалар өуақыттарын басқарудыы, мақсаттар қоюды және оларға жоспарлы түрде қол жеткізуді үйренді. Сондай-ақ, олар өз бойларында салауатты өмір салтын ұстануды және өзін-өзі үнемі дамытуды тәрбиелей алды. Осы екі оқушымыз қола медаль мен Елбасының төсбелгіге ие болды. Құттықтаймыз