Ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Средняя школа-сад им.Турагула Коныра "
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы
02
февраль
2026

Ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы

       Әлемдік ғылыми қоғамдастық балаларды туғаннан 5 жасқа дейінгі дамытудың маңыздылығын мойындады.
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын (Халықаралық атауы - Thrive by Five) ҚР Білім министрлігі Сидней ақыл-ой және ми университетінің нейробиологиялық зерттеулері негізінде Minderoo австралиялық қайырымдылық қорымен бірлесіп әзірлеген және еліміздің қажеттіліктері мен контекстіне бейімделген.
       Мобильді қосымша денсаулық пен тамақтану, тәрбие беру, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту, ойындар мен қарым-қатынастар бойынша оңай қол жетімді қысқа практикалық әрекеттерді үйде балаларды тәрбиелеп отырған ата - аналарға ұсынады. Контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 10 бағыт бойынша балалармен сабақ өткізуге арналған 120 идеяны ұсынады.
       Қосымша тегін және оны ұялы телефоннан Google Play немесе App Store қосымшаларынан жүктеп алуға болады. Қосымшаны қолдана отырып, 24/7 форматында ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және олармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық қолдау алады.