11
апрель
2024
Метебімізде "Таза Қазақстан" акциясы басталды.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Абай облысы Үржар ауданы "Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-де "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Туған өлке" бағыты бойынша мектеп аумақтарын абаттандыру, тазалық жұмыстарына 2-10 сыныптардан 143 оқушы қамтылды.
