04
ноябрь
2019
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп балабақша» КММ –де 2016-2017 оқу жылында еңбек ардагері, Үржар ауданының құрметті азаматы Жирентаев Төлеген Бәкейұлының демеушілігімен, Жирентаев Т.Б атындағы «Мәңгілік ел» кабинеті ашылған.

2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел» кабинетіне кіріктіріліп «Рухани жаңғыру» кабинеті жабдықталды. Кабинетке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы стенд, «Ұлы даланың жеті қыры» стенды, Шығыс Қазақстан облысынан шыққан 100 жаңа есім жобасына кірген азаматтар туралы, Киелі жерлер картасы, қазақ әліпбиінің қалыптасуы туралы құжаттар және өңірімізден шыққан қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы құжаттар жинақталды. 