Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының №1 ХАТТАМАСЫ » КоммунальноеГосударственное учреждение "Средняя школа-сад им.Турагула Коныра "
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2023

Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының №1 ХАТТАМАСЫ

Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының

№1 ХАТТАМАСЫ 

2023-2024 оқу жылына ҚР үкіметтің №64 қаулы негізінде ата-аналардан келіп түскен өтініштері бойынша 5 санатқа жататын тегін мектеп формасы мен тегін аяқ киім алуға балаларды анықтау.

Төрағалық етуші: Б.Т Жирентаев.

Отырыс хатшысы: Г.Б Идришева 

Қатысты:

  1. Тұрғанбаева Жайнагуль- ата-аналар комитетінің төрайымы
  2. Жирентаев Болат Төлегенұлы -қамқоршылық кеңес төрағасы. 
  3. Нұрғалиев Жасанбек Хасенұлы  -   қамқоршылық кеңесінің орынбасары
  4. Идришева Гульнара Бөкенқызы - камқоршылық кеңес хатшысы
  5.  Жумадилов Ниязхан - кеңес мүшесі
  6. Мусаханов Болат Сүлейменұлы-кеңес мүшесі
  7.  Мейрембаев Ардақ Кайырбекұлы-кеңес мүшесі
  8.  Тленов Еркен Тұрсынұлы- кеңес мүшесі
  9.  Қоқымбаев Ербол Зияшұлы -кеңес мүшесі
  10.   Белдіков Тимур Таңірбергенұлы – кеңес мүшесі


Күн тәртібі:

1.2023-2024оқу жылында ҚР үкіметтің №64 қаулы негізінде ата-аналардан келіп түскен өтініштері бойынша 5 санатқа жататын тегін мектеп формасы мен  тегін аяқ киім алуға  балаларды анықтау.

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес төрағасы Жирентаев Б.Т

Сөйледі: Қамқоршылық кеңес төрағасы Жирентаев Б.Т

Білім беру  ұйымының  алқалы басқару  органы айқындайтын  білім алушылар  мен тәрбиеленушілердің  өзгеде санатына жататын балалар үшін – отбасының  материалдық  тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде  төмендегідей   категорияға жататын отбасынан   шыққан балалар:

  1. Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек алуға  құқылы бар отбасынан шыққан балаларға
  2. Мемлекеттік көмек алмайтын, жан басына шаққанда күн көрісі деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға
  3. Жетім балаларға , ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға
  4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбаснан шыққан балаларға
  5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушәлердің өзгеде санатттарына

Қаржылай  және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

Мектптің тәрбие ісінің меңгерушісі Маматова Зейнепкан Садырканқызы 93 оқушының ата-анасынан өтініш келіп түскенін мәлімдеді.Қамқоршылық кеңес әр ата-анадан келіп түскен өтініштер мен  анықтаманы жеке-жеке қарап , жан басына шаққанда күн көріс деңгейі 34302 тг аспайтын отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын анықтап  бір ауыздан дауыс беріп, шешім қабылдады.

Жарыссөзге қатысқандар:

Ата-аналар комитетінің төрайымы-Тұрғанбаева Ж. Бүгінгі отырыста шешілген мәселе бойынша  мемлекет тарапынан  берілетін мектеп формасы мен аяқ киім  көп балалы отбасыларға үлкен көмек деп ойлаймын.Көмек алатын отбасылардың ата-аналары атынан облыс әкіміне, білім бөлім басшыларына алғысымды айтамын.

Шешім:

1.Әлеуметтік көмек алатын және жан басына шаққанда күн көрісі төмен  отбасынан шыққан 93 балаға мектеп формасы мен аяқ киім берілсін.

2. Әлеуметтік көмек алатын және жан басына шаққанда күн көрісі төмен  отбасынан шыққан 65  бала ыстық тамақпен қамтылсын.

Шешім ата-аналар комитетінің төрайымы  және қамқоршылық кеңес мүшелерінің  қолы арқылы   бекітілді.

 Тұрғанбаева Жайнагуль             ата-аналар комитетінің төрайымы

  1. Жирентаев Болат Төлегенұлы               қамқоршылық кеңес төрағасы. 
  2. Нұрғалиев Жасанбек Хасенұлы              қамқоршылық кеңесінің       орынбасары
  3. Идришева Гульнара Бөкенқызы              камқоршылық кеңес хатшысы
  4.  Жумадилов Ниязхан                                  кеңес мүшесі
  5. Мусаханов Болат Сүлейменұлы                кеңес мүшесі
  6.  Мейрембаев Ардақ Кайырбекұлы            кеңес мүшесі
  7.  Тленов Еркен Тұрсынұлы                          кеңес мүшесі
  8.  Қоқымбаев Ербол Зияшұлы                       кеңес мүшесі
  9.   Белдіков Тимур Таңірбергенұлы              кеңес мүшесі




Мектеп директоры:              Кабдолдина Г.Д